08 Қазан, 2013

Күн тәртібі белгіленді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

senat kzҚайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Қазақстан Республика­сы мен Азия Даму Банкі арасын­дағы ОАӨЭЫ 3 Дәліз (Шымкент – Ташкент) жолын реконструкциялау жобасына байланысты қарыз жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне берілді.

Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Одан басқа, бюро биылғы 10 қазанда болатын палата отырысының күн тәртібін қарады. Атап айтқанда, отырысқа Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің Ұлттық Банкі Төрағасын тағайындауына келісім беру мәселесі шығарылады. Басқа да заң жобаларын талқылау көзделіп отыр. Сондай-ақ, сенаторлар кейбір заңнамалық актілерге еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды.