08 Қазан, 2013

12 раундтағы 4 нокдаун

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

06-10-13-vladimir kliuchko-6Үстіміздегі жылғы, қазанның 5-інен 6-ына қараған түні Мәскеуде ресейлік Александр Поветкин мен украиналық Владимир Кличконың арасында аса ауыр салмақта әлем чемпиондығын сарапқа салған жекпе-жек болып өтті. Мамандар қазір «ғасыр жекпе-жегі» деп атап жүрген бұл шайқастың барлық 12 раундында В.Кличко қарсыласынан бір сүйем болса да артық түсіп отырды. Бұған қоса, ол өз визавиін осы уақыт аралығында 4 мәрте нокдаунға түсірді.

Үстіміздегі жылғы, қазанның 5-інен 6-ына қараған түні Мәскеуде ресейлік Александр Поветкин мен украиналық Владимир Кличконың арасында аса ауыр салмақта әлем чемпиондығын сарапқа салған жекпе-жек болып өтті. Мамандар қазір «ғасыр жекпе-жегі» деп атап жүрген бұл шайқастың барлық 12 раундында В.Кличко қарсыласынан бір сүйем болса да артық түсіп отырды. Бұған қоса, ол өз визавиін осы уақыт аралығында 4 мәрте нокдаунға түсірді.

06-10-13-vladimir kliuchko-6

Бұл күні 37 жастағы Владимир Кличко WBA нұсқасы бойынша «суперчемпион», сондай-ақ WBO және IBF бойынша чемпион атақтарын қорғауға тиісті болды. Тағы бір дерек, Владимир Кличко кәсіпқойлар арасында 63 ұрыс өткізіп, соның 60-ында жеңіске жеткен. Бұлардың 51-ін нокаут­пен бітірген. 3 рет ұтылған. Бірақ соңғы 9 жылда жеңіліп көрмеген.

Бірінші минуттардан А.По­вет­киннің қорғаныста қалмайтыны белгілі болды. Ол бірден алға ұмтылды. Ал В.Кличко мұндай тактикаға дайын болып шықты. Украин боксшысы өзінің сүйікті тактикасы – клинчті жиі қолданды. Бойы да, қолы да қысқа Поветкин алға келе бергенде, өзіне тым жақын жіберіп алып, бірден қаумалап құшақтай қояды. Ал алыста жүргенінде жеке-дара соққыларымен қайта-қайта қарсыласының кекілін желп-желп еткізеді. Мұндай ұрыста кімнің джебті жақсы қолданатыны анық көрінеді. Бұл жағынан Владимир тағы да басым түсіп жатты.

Шайқастың ортасына қарай Алек­сандрдің шаршағаннан құлап қала жаздап жүргені аңғарылды. Тек соң­ғы раундта ғана ресейлік боксшы қарсы­ласының жүйкесіне тиетін бірер соққы жасай алды. Алайда, бұл кезде кімнің жеңгені белгілі еді. Соңында төрешілердің үшеуі де 120:104 деген есеппен жеңісті украин боксшысына берді. Бұған қосатынымыз, жеңімпаздың бұл шайқаста алған ақшасы 17 млн. долларға жақындады.

Осы күні «Олимпийский» рингінде тағы бірнеше қосымша жекпе-жектер болып өтті. Алдымен ресейлік Григорий Дрозд Еуропа чемпионы поляк Матеуш Мастернакты еркін ұтты. Келесі шайқаста ресейлік Рахим Чахкиев румын Юлиан Илиені нокаутқа түсірді. Ал әлемнің экс-чемпионы өзбекстандық Руслан Чагаев РАВА белбеуі үшін таласта серб Йова Пударды ұпай санымен жеңді.

Руслан ИГІЛІК.