08 Қазан, 2013

Таңғажайып телескоп

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 Қазақстан астрономдары осындай обсерватория жасауға қатысады

Қазақстан астрономдары Бүкіләлемдік Аспан кеңістігіндегі күңгірт материяларды зерттеу жөніндегі «Ультрафиолет» ғарыштық обсерваториясы қолға алған халықаралық ғажайып жобаға қатысуға шешім қабылдады. Бұл туралы «Мегаполис» газеті жазды.

 

Қазақстан астрономдары осындай обсерватория жасауға қатысады

Қазақстан астрономдары Бүкіләлемдік Аспан кеңістігіндегі күңгірт материяларды зерттеу жөніндегі «Ультрафиолет» ғарыштық обсерваториясы қолға алған халықаралық ғажайып жобаға қатысуға шешім қабылдады. Бұл туралы «Мегаполис» газеті жазды.

Қазір күңгірт материялар мен күңгірт энергияның ашылуы Аспан кеңістігі жөніндегі бұрынғы ұғымдарды күрт өзгертіп жіберді. Енді өзіндік орбиталық ультракүлгін телескопты жасауға қатысуы арқасында Қазақстан осы мәселенің зерттелуіне орасан зор үлес қосатын болады. Аспан әлемін бақылайтын жаңа жабдықтың құрылысы қазір Мәскеудегі Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінде жүріп жатыр. Оны орбитаға шығару 2015 жылға белгіленген.

«Жобаның маңызы орбиталық Hablle телескопын ұшырумен бірдей. Телескоп ультракүлгін диапазонда ыстық жұлдыздарды, олардың туу процестерін бақылауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ол қазіргі заманғы ғылым үшін айрықша маңызды болып отырған күңгірт энергия мен күңгірт материяға байланысты міндеттерді шешеді», – дейді Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы Василий Фесенков атындағы астрофизика институтының (АФиФ) директоры Шыңғыс Омаров.

Аталмыш жобаны қаржыландыруға Ресей, Испания, Германия және Қытай елдері тартылған. «Біз Ресей академиясы астрономия институтындағы әріптестерімізбен бірнеше кездесу өткізіп, осы телескоп үшін өз бақылауларымыздың ғылыми бағдарламасын ұсынамыз», – деді тағы Омаров.

Қазақстан аталмыш телескопты салуға қатысумен бірге, бұдан басқа тағы екі халықаралық ғылыми жобаға атсалысады. Олардың екеуі Бельгия және Оңтүстік Корея елдерінің қатысуларымен жүзеге асады. Біздің еліміздің астрономдары сондай-ақ, кореялық әріптестерімен диаметрі 50 сантиметрлік автоматтандырылған телескоп құрылысын салуға келісім жасасты. Ол Моңғолия, Оңтүстік Африка, Австралия және Түркия аумақтарындағы осындай телескоптармен байланыста жұмыс жасайтын болады. Ғалымдар мұндай жұмыс жүйесінің түнгі аспанның барлық аумағын қамтып, кез келген нысанды үздіксіз бақылауға алуға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар