08 Қазан, 2013

Ғашықтар ескерткіші Аягөздің төрінде асқақтап тұр

1358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DSC06388Жақында Аягөз қаласында бол­ғанымызда орталық алаңға махаб­баттың символы – Қозы Көрпеш-Баян сұлуға еңселі ескерткіш қой­ылғанын көрдік. Ескерткіштің етегі гүлге толы екен. Соған қа­рағанда, мұнда жас­тар, әсіресе, жас жұбайлар жиі келетін сияқты.

 

Жақында Аягөз қаласында бол­ғанымызда орталық алаңға махаб­баттың символы – Қозы Көрпеш-Баян сұлуға еңселі ескерткіш қой­ылғанын көрдік. Ескерткіштің етегі гүлге толы екен. Соған қа­рағанда, мұнда жас­тар, әсіресе, жас жұбайлар жиі келетін сияқты.

DSC06388

– Ескерткіштің орталық алаң­да қойылуында жастарға тәр­бие беретіндей үлкен мән бар, – дейді Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев бізбен әңгі­ме­сінде. – Қозы Көрпеш-Баян сұ­лу атындағы мәдениет үйі ескерт­кіш орнатылған жерден алыс емес. Оған жөндеу жұ­мыс­тары жүріп жатыр. Қаланың ор­талық алаңының да күрделі жөндеуден өтіп жатқанын көріп тұрсыздар. Аягөз тоғыз жолдың то­рабында орналасқандықтан ке­летін қонақтар алдында жүзіміз жар­қын болсын деген ниетпен бас­қа да мәдени шаралар жүзеге асы­ры­луда.

Қазір Аягөз қаласында 38 мың, ауданда 70 мыңнан астам тұрғын бар. Ауданның экономикасы өр­кендеп келеді. Жыл басынан бері 3 миллиард 123,9 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Құрылысы қарқынды салынып жатқан Ақтоғай кен-байыту комбинаты екі жылдан кейін іске қо­сылып, онда өңірде тұратын бір жарым мың адам жұмыспен қам­тамасыз етілмек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.

Аягөз ауданы.

––––––––––––––––

Суретті түсірген автор.