Спорт • 16 Маусым, 2020

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жаттығу жиындарын бастады

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Щучинск қаласында еркін күрестен Қазақстан ұлттық командасы жаттығу жиындарына кірісті, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жаттығу жиындарын бастады

Оқу-жаттығу жиынына жалпы есебі 25 балуан шақырту алған.

Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Дәулет Ниязбеков, Нұрлан Бекжан, Данияр Қайсанов, Нұрғожа Қайпанов және команданың белі мүшелері Ғалымжан Өсербаев, Әлішер Ерғали, Расул Қалиев және Юсуп Батырмурзаевтар бар. 

Команда бас бапкері Әсет Серікбаевтың айтуынша, спортшылар жиын кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтайды.