08 Қазан, 2013

Үндіс фермері түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08 10-Jugeri 2Кезінде үндіс фермері ерекше бояулы тұқымы бар собықтарды жинау арқылы түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарған екен. Бұл туралы Paranormal-news.ru хабарлады.

Қазіргі уақытта түрлі-түсті жүгерінің тұқымын интернет арқылы тапсырыс беріп, сатып алуға болады. Бұл астықтың бірінші өнімі АҚШ-тың Оклахома штатында жиналды. Оны арғы аталары үндістердің чироки тайпасынан шыққан фермер Карл Барнс өсірді. Ол ұзақ жылдар бойы тер төгіп, ақыры түрлі-түсті дәндері бар жүгері өсіріп шығарды.  

08 10-Jugeri 1Қайтыс болар алдында Карл Барнс ерекше тұқым мен оларды өсіру құпиясын өзінің досы Грег Шенге аманат етіп қалдырып, бұл жұмысты жалғастыруын сұрайды. 2010 жылы марқұм досының өтінішін орындауға мүмкіндігі болмаған Шен тұқымдарды Аризона штатында өзінің шағын шаруашылығы бар Билл МакДорманға тапсырады.
«Бұл астықтың бірінші өнімін жиған кезде қатты таң қалдым, – дейді МакДорман. – Ешкім, ешқашан мұндай жүгеріні көрген емес».

08 10-Jugeri 3Бүгінгі таңда МакДорман өзінің интернет сайты арқылы ерекше жүгері тұқымының бір бумасын 7,95 долларға сатуда. Ерекше тауар әлем бойынша үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Айдар Өрісбаев.