Үндістанның ресми БАҚ өкілдері мәлімдегендей, жыл мезгілінің әдеттегі муссон жаңбырлы кезеңі ел үшін апаттық жағдай туғызған. Бұл туралы Gismeteo.ru хабарлады.
Өткен аптада орын алған жауын-шашыннан Үндістанның Бихар мен Джаргханд штаттары қатты зардап шекті. Дауылды жел көптеген үйлерді қиратып, электр желілерін үзіп кетті. Ал найзағайдан біраз адам қаза тапты.
Үндістан төтенше жағдайлар мен апат салдарын жою министрі Рену Кумари Кушвахтың айтуы бойынша, Бихар штатында найзағайдан кем дегенде 24 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 7 бала бар. Сондай-ақ Джаргханд штатында найзағай 8 адамның өмірін қиды.
Айдар Өрісбаев.