08 Қазан, 2013

Галкин: Ұлым өзіме, ал қызым анасына тартқан

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08 10-GalkinМаксим Галкин сурогатты ана туып берген сәбилерінің кімге тартқанын айтып берді. Бұл туралы Trud.ru хабарлады.

Галкиннің айтуы бойынша, ұлы өзіне, ал қызы анасына тартқан.

«Қуанышым шексіз... Балалар 18 қыркүйекте туылды. Алайда, олар туралы бірден жариялағымыз келген жоқ. Себебі, олардың тыныштықта болғанын қаладық», – деді Максим Галкин. Ол сондай-ақ егіздерге Елизавета мен Гарри есімдерін қоюға Алла Пугачева ұсыныс білдіргенін және ол есімдер өзіне қатты ұнағанын айтты.

Әртістің айтуы бойынша, Пугачева өте қамақор ана. «Ол сәбилерді құндақтап, тамақтандырады, түнде ұйқысын бөліп соларға қарайды. Балалар клиникада жатқанда мен түсірілімде болдым. Ал ол болса үнемі сәбилердің жанында болды, – деді Галкин. – Алла қазір өте уайымдап жүр, ол мұндай шаруамен соңғы рет Кристина туылған кезде айналысқан».

Сәбилер туылған медицина мекемесінің басшысы Марк Курцердің айтуынша, егіздер дендері сау болып туылды. Ұлдың салмағы – 2,95 кило, бойы – 50 сантиметр. Ал қыздың салмағы – 2,4 кило, бойы 49 сантиметр болып туылды.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар