Спорт • 17 Маусым, 2020

Даңқты "Динамо" клубы тарап кетті

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Ресей чемпионатында өнер көрсетіп келген Мәскеудің "Динамо" клубы қаражат тапшылығына байланысты тарап кетті, - деп жазады Egemen.kz

Даңқты "Динамо" клубы тарап кетті

Аталмыш команданың іргетасы 2002 жылы қаланған еді. Бұл ұжымды құрған Константин Еременко. Бұл Оның есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. 1991-2001 жылдар аралығында Ресей ұлттық құрамасының намысын қорғаған ол талай биік белестерді бағындырды. Әлем чемпионатының қола медалін иеленіп, Еуропа біріншілігінде толық жүлде жиындығын олжалады. Ең бастысы, Еременко шағын футболдан ХХ ғасырдың ең үздік ойыншысы атанды.  Сонымен қатар, 1990 жылы ол футболдан Қазақстан чемпионатында Павлодардың "Трактор" клубы сапында өнер көрсетті. 2010 жылдың көктемінде әйгілі теңбіл доп шебері жүрек ауруынан қайтыс болды. Константин небары 39 жаста еді...

Ал "Динамо" жайында айтар болсақ, олар 11 рет Ресей чемпионатында топ жарып,  9 мәрте ел кубогын иеленді. Әр жылдары УЕФА кубогы, Құрлықаралық кубок, Ресей суперкубогы және тағы басқа беделді жарыстарда бас жүлдені еншілеп, сан мәрте жүлдегерлер санатынан көрінді. Міне, 2017 жылдан бері қаржы жағынан қиындық көрген мәскеулік клуб күні кеше таратылғаны жайында ресми түрде мәлімдеді.   

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51