08 Қазан, 2013

Қытайдағы «Фйтоу» тайфунынан адамдар зардап шекті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08 10-Taifun fitouҚытайдың шығысындағы Фуцзянь мен Чжэцзян провинцияларында орын алған «Фитоу» тайфунынан 4,56 млн. адам зардап шекті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қытайдың су тасқыны және құрғақтықпен күрес жөніндегі мемлекеттік басқармасының дерегі бойынша, Чжэцзян провинциясында 4,3 млн. адам зардап шеккен. Үйлер қирап, ауыл шаруашылық егістіктеріне зақым келген. Сондай-ақ көршілес Фуцзянь провинциясында апаттан 210 адам жапа шекті.  

Дүйсенбі күні Қытайдың шығысындағы жағалауға жақын провинцияларда болған «фитоу» тайфунының әсерінен жаңбыр нөсерлеп жауып, күшті жел соға бастады. Желдің жылдамдығы сағатына 151 шақырымды құраған. Қазіргі уақытта Қытайға «Данас» тайфуны таяп келеді. Ол Шығыс-Қытай теңізіне әсер етуі мүмкін деген болжам бар.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар