Күннен күнге айтып жатқан суық хабар соғыстан келіп жатқан қаралы қағаз сияқты. Түрі жаман. Көзге көрінбейтін соғыс, сырттан келген жау дерсің.

Кейбір жазғыштардың коронавирус деген осы пәлені тәжвирус деп аударып жазғандарын оқығанда, не ойларымды білмей қалдым. Жаман аурудың да атын осылай атайды екен-ау. Тәжісін қайдам, өзіміздің далада өсетін ошағанға ұқсайды екен. Қасынан өткен адамға да, аңға да – жыбырлаған жан иесіне жабысып алып айырылмайтын ошағанды көріп өскен баламыз ғой. Өсе келе тікенегін тығып алатын ошағанның бұл "әдеті" өз тұқымын алысқа тарату үшін жасайтын амалы екенін білдік қой. Бірақ оның жабысқақ әдеті болғанымен у тарататын зияны жоқ, сыры да мәлім еді. Мына коронавирустың сықпыты да, сұры да, уы да жаман дейді. Сондықтан оны "ошағанвирус" деп атай жаздаған ойымнан тез қайттым.
***
Ілім-білімді дамытқан адамзат жан біткенді жаппай қырып жоятын атом бомбасын, ядролық жарылысты, химиялық, бактериялық қаруларды, неше түрлі зымыран-зымиян ракеталарды, зұлмат зеңбіректерді ойлап шығарды. Ал титімдей ғана микробқа, биттей ғана вирусқа әлі келмей жатыр. Не деген дәрменсіздік, не деген сорлылық десеңші...
***
Құс тұмауы, шошқа тұмауы дегендерді бастан өткердік... Мына коронавирусты түнде ұшатын жарқанаттан тарады дейді базбіреулер. Қайдам. Не бәленің өзінен емес өзгеден көретін адамның ғана әрекетінен тараған дегенге иланғың келеді.
***
Кеңес елінің баласы болып өскендіктен, сол бала кезде есте қалған нәрселер ойға орала береді. Аудан, облыс орталығында болсын, кез келген қалада болсын, адам көп жүретін жерлерде газды-газсыз су сататын аппараттар тұрушы еді ғой. Сол аппараттағы жалғыз қырлы стақаннан күніне жүздеген, мыңдаған адам келіп су ішетін. Сонда да коронавирус, жұқпалы ауру дегенді білмеппіз. Су да таза, адамдардың жаны да таза еді...
***
2013 жылы "Эпидемия" деген қорқынышты фильм (режиссері Алекс Пастор) шығып әлемді бір шулатып еді. Фильм сюжеті бойынша кенеттен келген жұмбақ эпидемия жер жүзіне тез тарайды. Енді әлем мүлде басқаша, жер жүзін адамдар емес агорафобия билейді. Агорафобия – кеңістіктен қорқу. Тірі қалған адамдар жертөлелерге, ғимараттар ішіне тығылады. Сыртқа шыққан адам кеңістіктен қорқып, дереу талып өледі.
Осы қорқынышты киноны көру үшін адамдар кинотеатрлар алдында жүз-жүздеп, мың-мыңдап ұзақ-сонар кезекте тұрды. Театр кассаларына, кино шығарушылар есеп-шотына миллиондап ақша түсті. Арада жеті жыл өткен соң жұмбақ емес, коронавирус деген эпидемия жер жүзіне тарады. Шынында да әлемді қорқыныш биледі. Сыртқа шығудан қалдық. Жүз-жүздеп, мың-мыңдап өліп жатырмыз.
Жай ұқсастық па, әлде...
***
Біреу түшкірсе тыжырынып, жөтелсе жиіркенетін әдетке ұшырадық. Сенімсіздік сабырлықтан, қабақ шыту қайырымдылықтан айырады. Бара-бара бір-бірімізге жатбауыр, жау болып кетпесек болғаны...
***
Көрші үйдің балконынан "әуесқой әншінің" түнгі аспанды жаңғыртқан даусы шыққаны сол еді, соны күтіп тұрғандай біздің үйдегі, көрші үйлердегі балкондардың барлығы қоштай жөнелді. "Өмір, өмір, өмір деген қатал-ақ, өмірге адам келмейді екен қайталап...". Қатал күндерді бастан кешіріп жатқанымыз рас. Карантин түні ауланы шулатып ән салған ағамның іші пысқан шығар. Жарайды ол кісіні түсіндік, қалғандарына не жорық? Бірақ мен де қосылғым келіп кетті: "Ай, ай, ай, ай, ай, Ақсәулем...".
Бұл ертең күн жақсарса, карантиннен аман-есен шыққанымызды еске алып айта жүретін, зілсіз күлкі, жағымды естелік болатын шығар, кім білсін...
***
Съезд, Партия, Марс, Энгельс, Коммунар, Максим, Венера, Индира деп ат қойған қазақтар енді балаларына Карантин деп ат қоймаса болғаны.
***
"Күнде қол жуғанмен, басың тазармайды". "Аяғыңның астына емес, қолыңа қара". "Кір жуғанша, қол жу"... Тағы қандай мақал шығарсам екен?
***
Немерем телефон соқты. Мектепке баруды қойыпты. Карантинге байланысты қашықтан оқып жатқан көрінеді. Апайлары "Біз үйдеміз, біз біргеміз!" тақырыбына тақпақ жаттауды тапсырыпты. "Ата, сіз тақпақ шығаратын едіңіз ғой, жаттауға оңай етіп, жазып бересіз бе?". "Жақсылап жаттайтын болсаң жазайын, айналайын".
Әлемге келген бұл індет,
Жеңіп шығу бір міндет.
Ақ халатты абзал жан,
Дәрігерге рахмет!
Аты жаман вируспен,
Жан аямай тірескен.
Дәрігерге мың алғыс,
Халқы үшін күрескен!
Немерем қуана-қуана жаттап алды. "Біз үйдеміз, біз біргеміз" дейді. "Алтын ғана немерем, ата деген былдыр тіліңнен, сәби тілегіңнен айналайын!".
Иә, "Біз біргеміз!" деген ұранымыз жалғаса берсін. Бірге болсақ, қандай қиындық болса да бірге жеңеміз!
***
Бір күнде бар әлемді шошытып, бір айдан бері обадай тиіп жатқан індет барған сайын індетіп барады.
***
Табиғаттағы тіршілік үшін жаратқан бар нәрсені адам ғана құртып жатыр. Тауды қопарды, жерді төңкерді, суды сарықты. Арктиканы ашам деп, қалың қарды, тоң мұзды жарды, аспанға ұшты, айға қонды, ғарышты шарлады, Марсқа жол салды. Молекуланы мутациялады, атомды жарды, вирусты бөлшектеді, бактерияны қоздырды. Осының бәрін жаппай қырып-жоюдың қаруына айналдырды. Байлықтан асып-тасыды, тойып секірді, ақшадан басы айналды, есірткімен есірді, арақтан азғындады. Бірақ, баратын жері екі қадам ғана жердің асты, қараңғы көрдегі карантин екенін біле ме екен?...
Әумесер адамның миына карантин жасалғаны жөн болар еді.
Сәдуақас ЖҰБАТОВ,
запастағы полковник
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар