08 Қазан, 2013

Дағыстан ауылындағы бір үй өзінен-өзі жана береді

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

08 10-dom pozharДағыстанның Чабанмахи ауылындағы Мирзаевтардың үйінде заттар сағат сайын жанатын көрінеді. Бұл туралы Paranormal-news.ru хабарлады.  
Бір қызығы, ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, ол үйдегі жиһаз біткен қараптан-қарап тұрып, өзінен өзі жана салады екен. Және оның себебі де әлі анықталған жоқ.

Осындай өздігінен жануы салдарынан үйдің жанындағы сарай толығымен өртеніп кеткен. Үй иесінің айтуы бойынша, ол бірінші рет 1 қыркүйекте жанған. Содан бері от қайта тұтанып, оны бес рет өшіруге тура келген.  
Сарайға газ немесе электр құрылғылары қосылмаған. Сол себепті үй иелері басында оған біреулер от қойған шығар деп ойлаған. Бірақ, артынша күтпеген жерден үйдің қабырғалары, үстел мен перделер тағы жана бастайды. Оның қалай тұтанғанын, бірақ, ешкім байқамаған.

Қазір аталмыш үйді өрт сөндірушілер күндіз-түні күзетіп отыр. Олар басында жиһаздың өздігінен жанып кететініне сенбеген. Сосын жағдайды зерттеу үшін оқиға орнына өрт зертханасы мен газ қызметінің мамандары шақырылған. Алайда, оттың неден болғанын олар да түсіндіріп бере алмаған.

Осылайша Мирзаевтар үйіндегі түсініксіз от шешуі қиын жұмбақ болып тұр. Айтқандай, бірде Мирзаевтың үлкен қызы Аминаттың түсінде бір шал келіп, оған: «Барлығың заттарыңды жинап, басқа жаққа көшіңдер, әйтпесе үй толық өртеніп кетеді», – деген екен. Қыз мұны анасына айтады. Сосын отбасы жиналып, үйді тастап шығады. Содан кейін ғана ондағы тұтану сап тиылады. Алайда, енді үйсіз қалған отбасы қайда барарын білмей дал болып жүр. Ал ауылдың ортасында қаңырап қалған үй жергілікті тұрғындар үшін сол күйі жұмбақ болып қалды.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар