
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Рауан Шаекиннің үстіміздегі жылғы 3 қазан күні жасаған Ақтау олигархтары Бакуге барып кешкі ас ішіп қайтады, деген мәлімдемесін Әзербайжанда шығып, тарайтын барлық дерлік басылымдар мен ақпарат агенттіктері сол күні қағып алып, жедел тараттыі. Бұл туралы Egemennews.kz тілшісі хабарлады.

Әзери елінде хабарлары әзербайжан және орыс тілдерінде тарайтын «Дейерлер» («Дәйәрләр») AIN атты танымал агенттік Қазақстан мәжілісменінің сөзін сол қалпында келтіріп, оқырман назарына ұсынды. «Маған таяу аралықта Ақтауға ұшуға тура келді. Билет алдағы бір апта бойына жоқ екен. Анықтай келгенде, Ақтаудан шыққан ұшақтың Бакуге 40 минутта жететіні белгілі болды. Үлкен «Боинг» күн сайын солай қарай ұшады. Жергілікті тұрғындар кешкі ас ішу үшін Бакуге баратын болып шықты. Сенбі-жексенбі олар Грузияға да барады». Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутатының сөзін Бакудегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары тап осылай таратты.
Сәкен Майлыбай.
