
Гватемалада 9 полицейді өлтіріп, таптырмай жүрген атышулы қылмыстық топ Мексикада құрықталды. Бұл туралы «Вести.ру» интернет-газеті хабарлады..
Гватемаланың арнайы қызметі хабарлағандай, үстіміздегі жылы Эдуардо Вильяторо Кано деген адамның басқаруындағы қылмыстық топ Сальках қалашығындағы полиция бөлімшесіне шабуылдаған. 36 мүшесі бар қарулы қылмыскерлер 8 полицияны оқиға орнында өлтіріп, біреуін өздерімен бірге алып кеткен. Қылмыскерлердің қолына түскен әлгі полицейдің де өмірі қиылған. Оның жансыз денесі басқа жерден табылған.
Гватемала президенті Отто Перес Молина әлемге Гуайо Кано деген атпен танымал Эдуардо Вильяторо Каноның тобы толықтай қолға түскені туралы мәлімдеді.
Жолдыбай Базар.