Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Алматыда ауа сапасын LED экрандар арқылы көруге болады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты хабардар етіп отыратын экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ауа сапасын LED экрандар арқылы көруге болады

"Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан ақпарат беру құрылғыларын Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді", — деді Б.Сағынтаев.

Ақпарат 26 "датчиктер" арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік станциялар қосылатын болады.

Мәліметтер ауаның негізгі алты  көрсеткішінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің дикосиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.

Бұл жоба Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр және қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың кешенді шараларының бірі  болып табылады.

Еске салсақ, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.