Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік және шығыста дауыл тұрады.
Солтүстікте тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде дауылды жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін, Түнде кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші – 15-20, екпіні – 25 м/с болады, Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Павлодар, Қарағанды, түнде Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысында, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шаңды дауыл тұрады.
Атырау, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық сақталады.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
"Қазгидромет" мамандары 18 маусым күні ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп жазады Egemen.kz.
Маңғыстау облыстық ауруханасында апаттан зардап шеккен 6 науқас қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 21:45
Аграрлық университетте ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу орталығы ашылды
Технология • Бүгін, 21:15
Маңғыстаулықтар Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды
Төтенше жағдай • Бүгін, 20:55
2024 жылғы ақпарат саласындағы айтулы оқиғалар
Мәдениет • Бүгін, 20:03
Ұшақ апаты: 100-ден астам ақтөбелік қан тапсырды
Қоғам • Бүгін, 19:20