09 Қазан, 2013

Жалаулы жарыстар

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Футбол. Өткен сенбі-жексенбі күндері Қазақстанның 6 қаласында премьер-лиганың 29-туры ойындары ойналды. Ол мынадай нәтижелер әкелді: «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ертіс» (Павлодар) 3:1, «Астана» (Астана) – «Қайрат» (Алматы) 1:2, «Тобыл» (Қостанай) – «Восток» (Өскемен) 2:1, «Ақжайық» (Орал) – «Тараз» (Тараз) 2:1, «Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» (Атырау) 0:0. 7 қазан. «Шахтер» (Қарағанды) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0.

Қазір 29 ойыннан 39 ұпай жинаған «Ақтөбе» бірінші болып келеді. Екінші орындағы «Астанада» 33 ұпай бар.

Дзюдо. Қазақстандық Гүлжан Исанова (+78 кг) Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысының кезекті кезеңінде алтын медальдың иегері атанды. Бұдан бір апта бұрын Алматыда мәреге жеткен кезеңде де алдына жан салмаған Гүлжан тағы қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда моңғол Жавзмаа Одкхууді бір минутқа жеткізбей таза жеңді.

Өзбекстан астанасында еліміздің әйел­дер құрамасы барлығы 5 медальді қоржынға салды. Атап айтқанда, Алек­сандра Подрядова (48 кг) – күміс, Назгүл Құбашева (57 кг), Мариан Ордабаева (63 кг) және Альбина Амангелдиева (78 кг) қола медальдар әкелді.

Волейбол. Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші рет әлемдік додаға жолдама алды. Бұған жасақ Азия бойынша өткен екінші топтық іріктеу кезеңінде 2 орын алу арқылы қол жеткізді. Мұнда жерлестеріміз тек Қытай құрамасына ғана жол берді. Ал соңғы кездесуде Үндістан қыздарын 3:0 етіп жеңді. Оларға осы турда қытайлықтардың Оңтүстік Корея командасын тап сондай есеппен ұтуы екінші жолдаманы алып берді.

Аталмыш чемпионат 2014 жылы Италияның Милан қаласында өтеді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар