09 Қазан, 2013

«Барыстың» тірлігі табысқа бастайды

286 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

IMG 1087-1Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енгізілген, жалпы сомасы 448 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба жүзеге асырылып, соның ар­қасында облыс аумағында 19 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Үстіміздегі жылдың екінші жар­тыжылдығында облыстан Ин­дустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жалпы сомасы 600 млрд. теңгені құрайтын 104 жоба қосымша жіберілді.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасына енгізілген, жалпы сомасы 448 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба жүзеге асырылып, соның ар­қасында облыс аумағында 19 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Үстіміздегі жылдың екінші жар­тыжылдығында облыстан Ин­дустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жалпы сомасы 600 млрд. теңгені құрайтын 104 жоба қосымша жіберілді.

IMG 1087-1

IMG 0990-1

Осы бағдарламаның аясында өт­кен аптада кондитерлік өнімдер шығаратын «Барыс 2007» ЖШС фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Бір айта кетерлігі, 2009 жылы бұл кәсіпорында Елбасы Н.Назар­баевтың қатысуымен макарон өнім­дерін шығаратын желі іске қо­сылған болатын. Аталған желінің қуаттылығы сағатына 3500 кг. немесе жылына 25 000 тонна макарон өнімдерін шығарады. Сол жолы бұл фабрикада 150 жаңа жұмыс орны құрылған еді. Содан кейін 2011 жылы қуаттылығы жылына 11 000 тонна макарон өнімдерін шығаратын екінші желі іске қосылды. Кәсіпорындағы құ­рал-жабдықтар италиялық «Pavan Mapimpiati S.P.A.» мекемесінен жет­кізілген. Екінші желі ұзын ма­карон өнімдерін шығаруға мүм­кіндік беріп, 40 жаңа жұмыс орны құрылды. Сапасының жақ­­сылығынан болар «Барыс 2007» ЖШС шығаратын өнімдер аз уақыттың ішінде Қазақстанның ішкі нарығы мен ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие болды. Атап айтар болсақ, «Мадина» тауар белгісімен шығатын макарон өнімдері сапасы мен дәмділігі жағынан 2010-2011 жылдары Ресейдің «Продэкспо» халықаралық көрмесінде «Үздік тауар» белгісімен марапатталып, 2010 жылы «Қазақстанның үздік өнімі» атанды.

– Біздің өнім барлық сапа жү­йелеріне сай келеді, – дейді кә­сіпорынның бас директоры Азат Қаражанов. – Биыл өнім түр­­лерін ұлғайту мақсатында кон­дитерлік өнімдерді шығаратын желіні іске қосудамыз. Аталған желінің қуаттылығы сағатына 700-1000 кг. печенье, сонымен қатар «Таралли» және «Торчетти» өнімдері шығарылады. Тәтті өнімдерді шығаратын құрал-жабдықтардың жалпы құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды.  

Аталған фабрикада италиялық «IMAFORNI» компаниясының үздік желісі іске қосылған. Бұл желі жоғары сапалы, пішіні мен дәмі тұтынушының көңілінен шығатын кондитерлік өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорында жаңа 80 жұмыс орны ашылды.

– Кәсіпкерлерге қызмет көр­сету ор­талығы «Барыс 2007» ЖШС-ға «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­­дарламасы аясында жеңілдікпен қар­­жы алуға көмек көрсетті, – дейді ОҚО КҚКО директоры Нұржан Ал­­­таев. – Бұл мекемеге кондитерлік өнім­­­дерді шығаратын жаңа желіні іс­ке қосуға 532 млн. теңгені жылдық 7 пайызбен АТФ банкі арқылы қар­жы алуға, сондай-ақ СТ-1 серти­фикатын рәсімдеп берді. Аталған сер­тификат кәсіпкерлерге кедендік же­­­ңілдіктерге ие болуға мүмкіндік береді.

Кондитерлік фабрика толық іске қосылғанда мекемеде 270-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Ал толық инвестиция көлемі 27 млн. АҚШ долларын құрайды.  

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

________________________

Суреттерді түсірген Арман ӘБДІРАШҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар