"Құбылмалы әлемдегі нарықтар" аталған биылғы конференцияға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңнан астам қатысушы келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар онлайн өтетін шараға қаржы, экономика, заң және өзге де салалардағы отандық және шетелдік сарапшылар, саясаткерлер, бизнестің, мемлекеттік қызмет және ғылыми ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялардың өкілдерінен құралған 100-ден астам спикер де қатысады.
Қаржы конференциясы аясында "COVID-19 дәуіріндегі Белдеу және жол бастамасының болашағы", "COVID-19 дамушы нарықтарды қалай күйретеді?", "Тұрақтылық, тәуелсіздік, пандемиядан кейінгі экономикалық тәртіп: қарыздар, цифрлық технологиялар мен жергілікті қамтылым көбейе ме?" тақырыптарында панельдік сессиялар өтіп, онда пост-пандемия кезіндегі әлем бойынша әлеуметтік-экономикалық ахуал, дамушы елдердің жай-күйі талқыланады.
Айта кетейік, биыл COVID-19 пандемиясының асқыруына байланысты дәстүрлі конференция онлайн режимде өткізіліп отыр. Бес күндік шараның кез келген сессиясын конференцияның ресми сайты astanafindays.org сайтына тіркеліп, нақты уақытта көре аласыздар.