Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым БҰҰ-ның 90 мүше-мемлекеттің, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның 300-ге жуық өкілдерінің қатысуымен COVID-19 пандемиясы жағдайында мигранттарды қорғау мәселесі бойынша вебинар өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайды тұрақтандыру жөнінде Үкіметтер қабылдаған шаралар шеңберінде мигранттарға көмек көрсетуде тәжірибе алмасу болды.
Онлайн іс-шараны ашу рәсімінде Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Бас директоры Антонио Виторино бұл мәселенің коронавируспен жаһандық күрес аясындағы маңыздылығын атап өтті. Ол пандемия жағдайында бүкіл әлем бойынша адамдардың мобильділік деңгейі күрт төмендегені туралы айтты. Одан әрі Нигерия, Франция, Қазақстан, Зимбабве және Египет өкілдері сөз сөйледі.
Женевадағы ҚР-дың БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова өз сөзінде Қазақстанның мигранттарды қолдауға, оның ішінде төтенше жағдай мен карантин кезінде шетелдіктердің болу ережелерін әзірлеуге, мигранттар үшін визалар мерзімін ұзартуға, оларға гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ 500 қырғыз және жүздеген Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы өткізуді қамтамасыз етуге қабылдаған бірқатар шараларын атап өтті.
Қазақстандық дипломат еліміздің Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан және Тәжікстандағы әріптестерімен 243 мигрантқа транзиттік дәліз ұсыну мәселесінде өзара табысты іс-қимылын атап өтті.
Сөз соңында Ж.Айтжанова Қазақстан мигранттарға әлемде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық жағдайда көмек көрсетуді жалғастырады деп мәлімдеді.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар