Қоғам • 18 Маусым, 2020

Жалған құжаттармен автокөлік құралын кіргізудің алдын алды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан шекарашылары "Қарақоға" автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға жалған құжаттармен және мемлекеттік нөмір белгілерімен автокөлік құралын кіргізудің алдын алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған құжаттармен автокөлік құралын кіргізудің алдын алды

"Қарақоға" өткізу пунктінде автомашинаны толық қарау кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің және тіркеу нөмірлері белгілерінің жалған екені анықталды.

Ұсталған автомобиль СҚО М.Жұмабаев ауданы АПБ-ға тапсырылды.

Осы өткізу пунктінде айдап кету белгілері бар автомашиналарды заңсыз кіргізуге (алып өтуге) оқталулардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек.