Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Түркістанда ҰБТ кезінде көмек көрсетуге ниеттілер анықталуда

137 рет көрсетілді

Еліміз бойынша 21 маусымда мектеп оқушылары өміріндегі басты оқиғалардың бірі – ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Бұл тестілеудің сәтті өтуінің арқасында түлектердің жоғары оқу орындарында әрі қарай ақылы немесе мемлекеттік гранттың негізінде тегін білім алуы анықталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық аймақтарында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мониторинг топ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері кірген. Бұл топтың негізгі мақсаты тестілеудің таза өткуі бақылау болып табылады.

Агенттік қызметкерлерінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде, WhatApp мессенджерлеріндегі ата-аналар топтарына ұйымдастырылған мониторинг нәтижесімен Ұлттық бірыңғай тестілеуден оң көрсеткішке қол жеткізуге "көмектескісі" келетін белгісіз азаматтар анықталуда екен. Осыған байланысты Агенттік оқушыларды тек өз біліміне сүйене отырып, тест тапсыруға шақырады. Ал, ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді. Агенттік егер, азаматтар осындай жағдайға тап болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1424 call-орталыққа  қоңырау шалу қажеттігін хабарлады.

Жалпы, Агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп парасаттылық пен академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың Қыз Жібегі

Руханият • Кеше

Азаттық архитекторы

Елбасы • Кеше

Ақ боранның азаптары

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар