Экономика • 18 Маусым, 2020

Ұлттық банк капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы туралы сұрақтарға жауап берді

420 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2019 жылы Қазақстаннан капиталдың жылыстауы 1,6 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері  депутаттың сұрауына берген жауабында хабарлады,- деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы туралы сұрақтарға жауап берді

Өткен жылдағы сыртқы сектор статистикасына сілтеме жасаған Ұлттық банк  бұл сома Қазақстан резиденттерінің сыртқы активтерінің, соның ішінде Ұлттық қордың активтерінің ұлғаюымен байланысты деп түсіндірді.

"2019 жылға капиталдың таза экспорты 1,6 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, соңғы 15 жыл ішінде (2005 жылдан 2019 жылға дейін) капиталдың сыртқа  жылыстауы  13,4 млрд АҚШ долларын, жеке сектордың операциялары үшін - 55,3 млрд долларға жетті" деп атап өтті Ұлттық банк.

Осыған дейін Сенат отырысында депутат Ольга Перепечина соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлық аймаққа 140 миллиард долларға жуық ақша шығарылғанын айтып, премьер-министр Асқар Мамин және Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылып жатқан ақшаларға неліктен мониторинг жүргізілмейтінін сұраған болатын. "Қазақстаннан капиталды заңсыз шығару мәселесі әрдайым өзекті. Себебі елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Қазір дүниежүзі экономикасы, оның ішінде біздің елдің экономикасы да дағдарыс жағдайында тұрғандықтан, бұл түйткіл мәселеге айналды. Біз шетелге қанша капитал шығарылып жатқанын білмейміз. Себебі бірыңғай мониторинг және бағалау жүйесі жоқ, мемлекет тиісті зерттеу жүргізбейді. Сондықтан біз сарапшы ұйымдардың бағалауына жүгінуге мәжбүрміз", - деді Перепечина.

Депутат Tax Justice Network халықаралық ұйымының деректеріне сүйеніп, соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлық аймаққа 140 миллиард долларға жуық қаржы шығарылғанын айтты.

"Шетелге кететін капиталды экономикалық зерттеу, монитиронг жүргізу жоспары бар ма? Мұны қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады? Ұлттық заңнамада шетелген ақшаны заңды түрде шығарудың бірнеше жолы қарастырылған. Бірақ капиталды заңсыз шығару фактісіне байланысты ақшаны қайтару міндеті заңнамада көрсетілмеген", - деді депутат сауалын оқып.

Шекара асқан миллиардтарды елге қайтару жайын осыдан үш  жыл бұрын Елбасы көтерген. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев қанша қаржының шетелге кеткенін де жайып салып, олигархтарға офшорға кеткен миллиардтарды заңдастыру қажеттігін айтқан еді.

Бұл ретте, Ұлттық Банк классикалық мағынада капиталдың кетуі бұл ақшаны шетелге орналастыру мақсатында елден ақша аудару деп түсіндірді. Осылайша, оған негізінен бизнес жүргізу тұрғысынан заңды, стандартты операциялар кіреді. Сонымен қатар, қадағалау органы тарихи капиталдың таза ағымын көрген тікелей инвестициялар төлем балансының қаржылық есебіне үлкен қызығушылық танытатынын атап өтті. Бұл Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға байланысты. "Тікелей инвестициялар үшін 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі динамикада капиталдың оффшорлық аймақтарға таза экспорты 1,1 миллиард долларға, ал таза импорты - 4,2 миллиард долларға жетті. Тікелей инвестициялар үшін оффшорлық аймақтардан таза түсім болды. 2019 жылы қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шаралары аясында қаражат шетелден қайтарылмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік үшін 45 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды", деп түсіндірді бас банк.  Сондай-ақ, олар Ұлттық Банк қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен тиісті стандарттарды енгізу және ведомстволар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды техникалық енгізу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын, оны аяқтау 2021 жылға жоспарланғанын айтты.