Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Көкшетаудағы тендер тауқыметі

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-пайдалану учаскесінің ұжымы дабыл қағуда. Мекеме басшылары жүзге тарта қызметкерді жұмыстан шығаруға мәжбүр екенін мәлімдеп отыр. Кәсіпорын 40 жыл бойы облыс орталығындағы көше тазалығын қамтамасыз етіп келді. Биылғы тендерді елордалық компания жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz

Көкшетаудағы тендер тауқыметі

Облыс орталығында көше тазалығын қамтамасыз етуге 4 компания қызығушылық білдірген. Тендерді Нұр-Сұлтан қаласындағы "Зерен-2000" компаниясы ұтып алған. Осылайша, 12 маусымнан бастап ондаған жылдар бойы Көкшетау жол-пайдалану учаскесі атқарған міндет өзге кәсіпорынның құзырына өтті. Кәсіпорын басшылары ұжымның 70 процентін жұмыстан шығаруға тура келеді деп отыр.

"Бізде 50 көше сыпырушы, 40-қа тарта техника жұмыс істеуші еді. Адамдарды 15 күннен кейін жұмыстан шығарамыз деп ескерттік. Ұжымның 70 проценті қысқартылад", дейді "Көкшетау жол-пайдалану учаскесі" серіктестігінің атқарушы директоры Әбусағит Үсембаев.

Көкшетау жол-пайдалану учаскесінің өз техникаларын жөндейтін  орны, дәнекерлеу, мотор жөндеу цехтары, ұстаханасы бар. Барлығы талапқа сай. Мекеме басшылығы тендерді ұтып аламыз деген үмітпен көше абаттандыруға қажетті әк, сылақ, басқа да құралдарды, маскалар мен антисептиктерді алдын-ала сатып алып қойыпты. Ұжым мұның бәрі енді кәдеге аспай қалады деп қынжылады.