Қоғам • 19 Маусым, 2020

Жеке сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар санаттағы істерді бірінші кезекте қарастырады

719 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Жеке сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар санаттағы істерді бірінші кезекте қарастырады

Министр хабарлағандай, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге, істердің әлеуметтік-маңызды санаттарын орындаудың басымдылығын қамтамасыз ету бойынша ЖСО және палаталардың қызметін ұйымдастыруға бағытталған өзгерістер қарастырылған.

Енді, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде атқарушылық құжаттар істерінің әлеуметтік мәні бар санаттары бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаса, онда қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айырылады.

Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және қылмыстық заңнаманы жетілдіру туралы" Заңы бойынша уәкілетті органның (ҚР ӘМ) бақылауы және прокуратура тарапынан қадағалауы күшейтілді, бұл жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Министр атап өткендей, жаңа Заңда шектеу шараларын алып тастау тәртібін, оның ішінде өндіріп алушының өтініші бойынша қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша регламенттеу, сондай-ақ олқылықтар мен коллизияларды жою көзделген.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңды Парламент қабылдады, қазіргі таңда Президенттің қарауына жолдануға әзірленуде.