Спорт • 19 Маусым, 2020

Шавқат Рахмонов 26 шілдеде айқасады

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектегі ең белді ұйым – UFC-дегі өзінің тұсаукесер кездесуін қазақстандық спортшы Шавқат Рахмонов 26 шілде күні өткізетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шавқат Рахмонов 26 шілдеде айқасады

БАӘ-нің астанасы – Әбу-Дабиде жалауы желбірейтін жарыста 25 жастағы жерлесіміз Рамазан Эмеевпен күш сынасады. Шавқат осы күнге дейін 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында айқын басымдық танытқан болатын. Былтыр ол Даниала Призказаны ұтып, 77 кило салмақта M-1 Global нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленді.

Рамазан Эмеев 33 жаста. Дағыстанның тумасы да кезінде M-1 Global промоушені ұйымдастырған жарыстарда жасындай жарқырап, алтын белбеуді беліне тақты. Барлығы 22 рет октагонға шыққан Рамазан 18 рет жеңіске жетті. 10 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. UFC-де ол 2017 жылдан бері бақ сынап жатыр. Сол аралықта төрт кездесу өткізіп, үшеуінде мерейі үстем болды.