Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Халықаралық іздеуде жүрген «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысы құрықталды

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір полицейлері оны Алматы қаласында ұстап, Атырауға жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Халықаралық іздеуде жүрген «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысы құрықталды

"Күдіктіге биылғы ақпанда халықаралық іздеу жарияланды. Оны атыраулық полицейлер 16 маусымда Алматы қаласынан тауып,  ұстады. Ол Атыраудағы салымшыларды алдап, жылжымалы мүлік пен ақшаны иемденіп кеткен", дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Оның айтуынша, Атырауда тергеу сотымен «НұрАлиКапитал» ЖШС-нің құрылтайшысына қатысты қамауға алу шарасы санкцияланған. Қазір полиция департаментінің жедел-тергеу тобы қылмыстық істі тергеп жатыр.