Экономика • 19 Маусым, 2020

5 жыл ішінде агроөнеркәсіп субсидиялары триллион теңгеден асты

16 рет көрсетілді

Парламент Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров  Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының сұрақтарына жауап берді,- деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі

Оның айтуынша, соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы ауыл шаруашылық субсидиясының көлемі 1,2 трлн теңгені құраған және 2014 жылғы 152 млрд теңгеден 2019 жылы 324,3 млрд теңгеге дейін өсті.

Бұл ауыл шаруашылығы саласының қарыштап дамуына мүмкіндік берді. Соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 есе өсіп, 5,2 трлн теңгені құрады. Сараптама өсімнің субсидия алатын шаруашылықтардағы өндіріс көлемінің 2 есеге артуымен байланысты екенін көрсетті. Сондай-ақ халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарындағы өнім өндірісінің өсімі небары 30% құрады.

"Агроөнеркәсіп кешені - экономиканың нақты секторы, қазір көптеген елдер короновирус індетіне байланысты мемлекеттік қолдау шараларын күшейтіп жатыр. Мемлекеттік қолдаудың пайдасы оған ие болған шаруашылықтарда байқалады", - деді А. Сапаров.

Сонымен қатар, бірінші вице-министр ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз сатуға жағдай жасау мәселесіне тоқталды. Ол ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктері, сонымен қатар "Атамекен" ҰКП  тиімді тәсілдерді табу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатқанын еске салды. Қазіргі уақытта артық үстеме бағасыз өнімді өткізу үшін көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жобасы қарастырылуда.

Бұдан өзге қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында "егістіктен сөреге дейін" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

"Бұл жоба шағын және орта өндірушілерді кооперация негізінде қаржыландыруды және өндірілген өнімді бөлшек сауда орындарына өткізуді кепілдендіру мақсатын көздейді.  Ол үшін "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының және аймақтық әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бөлшек сауда желілерін қаржыландырудың ресурстары пайдаланылатын болады", - деді АШМ өкілі.

Сондай-ақ Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау саласындағы делдалдар тізбегін қысқарту үшін дайындау ұйымдарын субсидиялау енгізілді. Бұл қолдау шарасын қазірдің өзінде ұсақ шаруашылықтар мен үй шаруашылықтарының өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына тікелей жеткізуді қамтамасыз ететін сервистік-дайындау орталықтары қолданып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Хайп пен байып

Қоғам • Бүгін, 07:01

Қазақстандық келісім үлгісі

Саясат • Бүгін, 06:52

Естайға ескерткіш қойылады

Руханият • Бүгін, 06:32

Сөз құдіреті

Руханият • Бүгін, 06:28

Болашақтан ұялу

Таным • Бүгін, 06:24

Елдіктің жампоз жыршысы

Руханият • Бүгін, 06:22

Арысын сүйген ән-жүрек

Өнер • Бүгін, 06:20

Домбыраны әлемге дәріптеген

Руханият • Бүгін, 06:19

Құс тұмауы құтырып тұр

Қоғам • Бүгін, 06:15

Алмалы аудан

Аймақтар • Бүгін, 06:14

Ұқсас жаңалықтар