09 Қазан, 2013

Іс-қимыл аясын кеңейту жолында

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-10-03Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Францияның экс-Премьер-министрі Франсуа Фийонды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

08-10-03 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Францияның экс-Премьер-министрі Франсуа Фийонды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ оны келешекте арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Франция тауар айналымы­ның көлемі жөнінен Еуроодақ елдері арасында Қа­зақстанның ірі серіктесінің бірі болып табылатынына да тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінде экономиканың түрлі салаларында 25 бірлескен кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда.

Бұған қоса, кездесуде екі елдің іскер топтары арасында өзара іс-қимыл аясын кеңейту бағытындағы алдағы қадамдар қаралды.

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар