
ЮНЕСКО халықаралық ұйымының Бүкіл әлемдік мұра комитетінің Азия және Тынық мұхиты өңірі бөлімінің басшысы, Халықаралық деңгейдегі сарапшы Фенг Джинг төрағалығымен өткен бейнебайланыс 3 сағатқа созылды. Онда Түркістан қаласының мүмкіндігін тиімді пайдалану туралы айтылды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасын әлемдік мұра ретінде қайта жаңғырту тақырыбы көтеріліп, қатысқан 48 сарапшы іске асып жатқан жұмыстардың оң бағытта екендігіне қолдау білдірген.