Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?

432 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мен инфекционист дәрігер Тамара Утаганова коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамаларын түсіндірді, сонымен бірге үй карантинін ұйымдастыру, ауруханаға жатқызу және коронавирус зардаптарына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?

Равиля Егембердиева вирус жұқтырғандарға үй карантинінде, амбулаторлық және реанимациялық деңгейде күтім көрсету жолдары толық жазылған коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы бар екенін түсіндірді. Осылайша, ол коронавирус инфекциясының жұқтырғандардың ішінде ауру белгілері жоқ және ауруы жеңіл өтіп жатқан науқастар үй карантинінде жатқанын жеткізді. Амбулаторлық бөлімдегі негізгі міндет аурудың ауыр формасының алдын алу болып табылады, ал жансақта бөлімінде ауру жұқтыру соңы асқынуға ұласпау үшін қарқынды терапия жүргізіледі.

Ауруханадан шығарылғаннан кейін де пациенттер қашықтықтан медициналық бақылауда болады. Сондай-ақ Тамара Утаганова коронавирус инфекциясының ауру белгілері байқалмайтын түрі туралы көп қойылатын сауалдарға жауап беріп, аурудың зардаптары және инфекциялық аурулардың жалпы көрсеткіші жайлы айтты.

"Ауру белгілері байқалмайтын инфекция таратушылардың қаупі неде, сондай-ақ, медициналық бақылау мен емдеу қалай жүргізіледі?"

"Вирустың ауру белгілері жоқ формасын жұқтырғандар қандай да бір әлсіздікті сезінбегенімен, басты қауіп олардың вирусты тасымалдаушы екендіктерінде, яғни инфекция қоздырғышы болып табылады. Еске салып өткім келетіні, мұндай науқастарға қандай да бір ем жүргізілмейді. Ауру белгілері байқалмайтын науқастар, сонымен бірге, ауруы жеңіл түрде өтіп жатқан азаматтар егер үйлерінде қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдар болмаса, үй карантинінде болулары керек. Үйде қалуға мүмкіндіктері болмаса, карантиндік стационарлар бар", дейді Т.Утаганова.

Тамара Утаганова азаматтардың көбінесе аурудың температура болмаса, басқа белгілеріне назар аудармайтынын атап өтті. "Температура коронавирус инфекциясының жалғыз белгісі емес. Егер сізде басқа да бір ауру белгілері байқалса, жағдайдың қиындауын күтудің қажеті жоқ. Өзіңіздің жалпы тәжірибелік дәрігеріңізбен хабарласу керек", деді ол.

"Эпидемиялық кезеңде тұмау және қызылша аурулары тіркелген жағдайлар болды ма?"

Оның айтуынша, коронавирусқа байланысты енгізілген оқшаулану жалпы ауыру деңгейінің төмендеуіне себеп болғаны сөзсіз. Тұмаумен ауыру жағдайлары тіркелгенмен, көбінесе коронавирус инфекциясымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ бүгінгі таңда қызылшамен ауыру оқиғалары жоқ.Дәрігерлер жеке гигиена талаптарын сақтау аурулардың алдын алуда қашанда жөн іс боп саналатынын, сондықтан да ол тұрғындар арасында әдетке айналса, әртүрлі инфекциялық ауруларға шалдығу деңгейін түсіруге әкелер еді деп ой қосты. Олар дәл қазіргі уақытта қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мен адамдар көп жиналатын жерлерге бармаудың өте маңызды екенін де атап өтті.

"Көріп тұрғандарыңыздай коронавируспен ауырудың салдары өте ауыр болуы мүмкін. Дәрігерлер пациенттердің денсаулығы үшін күн сайын күрес жүргізуде, алайда тұрғындар өз әрекеттеріне, әсіресе қазіргідей ауруға ұшырау бірден өрши түскен сәтте, жауапкершілікпен қарауы керек. Сондықтан да біз сіздерге қарастырылып отырған шараларды ұстанудың маңызды екенін ескерте кеткіміз келіп отыр", деп түйіндеді Равиля Егембердиева.