
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Испания Корольдігінің экс-Премьер-министрі Хосе Мария Аснарды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері мен екі елдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейтудің келешегі талқыланды.