Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Оралда дәрігерлерге арналған көше концерті өтті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Метхат Қамбетов бастаған бір топ өнерпаздар Орал қаласындағы теміржолшылар ауруханасы алдында медициналық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда дәрігерлерге арналған көше концерті өтті

"Дәрігер мамандығы Гиппократ антына адалдық пен білім ғана емес, шексіз шыдамдылық, төзімділік, сезімталдық және рухани жомарттық талап етеді. Адамзаттың ең басты құндылығы - өмір мен денсаулық күзетінде жүрген медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Сіздер ең қиын сәттерде жоғары кәсібилік пен жауапкершілік, жанашырлық пен мейірімділік танытып жүрсіздер! Біз Сіздерге бас иеміз!" деді Ғайса Қапақов құттықтау сөзінде.

Ашық аспан астында өткен концерттік бағдарлама барысында оралдық кәсіпкер Елена Уланова 1500 тал орхидея гүлін дәрігерлерге тегін таратты. Құшағы гүлге, көңілі ән мен күйге толған ақ желеңді абзал жандар өздеріне көрсетілген сый-құрметке риза болғаннан көздеріне жас алып та жатты. Медицина қызметкерлері алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйледі. Өнерпаздар дәрігерлерге арналған әндерді тарту етті. Бұл күні көп жылғы еңбегімен елге танылған медицина қызметкерлеріне алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Суретті түсірген: Рафхат ХАЛЕЛОВ

 

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар