09 Қазан, 2013

«Үйлесімділік сабақтары» бас бәйге алды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-фото-Жумагулов 6Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясында түсірілген режиссер Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік са­бақтары» атты көркем фильмі тә­уелсіз фильмдердің «2morrow/Завтра» деп аталатын халықаралық 7-ші фестивалінде бас бәйгені же­ңіп алды. Фестиваль 1-6 қазан ара­лығында Мәскеу қаласында өтті.

Аталмыш лента бұған дейін үздік операторлық жұмысы үшін «Күміс аю» жүлдесі мен Берлинде өткен кинофестивальде немістің «Моргенпост» басылымының арнайы сыйлығына ие болған еді. Картина, сондай-ақ, «Трайбек» кинофестивалінің «Қазылардың арнайы дипломын», Базельдегі Швейцария кинофестивалінің Гран-при жүлдесін, АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы халықаралық кинофестиваль қазыларының «Үздік жаңа режиссер» Гран-приін, сондай-ақ Швейцарияда өткен посткеңестік елдер фес­тивалінің Гран-при тартуын алған болатын. Ал Мәскеу тө­рінде қазылар президенті Фредерик Бойер «Үйлесімділік сабақтарына» бас бәйгені беру жөніндегі ұйғарымның бір ауыздан қабылданғанын жеткізді.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар