Қоғам • 20 Маусым, 2020

Алматыда ауқымды дезинфекция жүргізілуде

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін таңғы 08:00-ден бастап Алматыда адам көп жиналатын қоғамдық орындарды жаппай дезинфекциялау жұмыстары басталды. 20-21 маусым күндері мұндай жұмыстар сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілетін болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ауқымды дезинфекция жүргізілуде

Еске сала кетейік, Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты, биылғы 20-21 маусымда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, жоспар бойынша 494 нысан залалсыздандырылады, олар:
Алатау ауданындағы 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер;
Алмалы ауданындағы 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысаны және фитнес орталықтар, 1 саябақ , 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ;
Әуезов ауданындағы 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1 саябақ, 3 сквер және 1 бульвар.
Бостандық ауданындағы 31 сауда орталығы, 59 спорт нысаны және фитнес орталықтар, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай;
Жетісу ауданындағы 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;
Медеу ауданындағы 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Наурызбай ауданындағы 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер;
Түрксіб ауданындағы 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.

"Алматы Тазалық" МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жер асты және жер үсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізілетін болады.

Осынау барынша ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына 70 техника бірлігі және 150 адам жұмылдырылады. Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылады.

Сондықтан қала билігі тұрғындарға аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес береді.

 д

 д

з