09 Қазан, 2013

Президент Үкімет басшысын қабылдады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

08-10-01

 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

08-10-01

Кездесуде С.Ахметов еліміздің әлеуметтік-экономикалық да­муы­­ның биылғы 9 айдағы қо­ры­тын­дылары, сондай-ақ­ өңірлердегі жиын-терін науқаны­ның барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті бұл мә­селе таяу уақытта өтеді деп жос­пар­ланған Үкіметтің ке­ңейтілген отырысында да тал­қы­ла­натынын атап өтті.

– Міндет – жылды жақсы көр­сеткіштермен аяқтау. Бұл, әсі­ресе, әлемде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарды ес­кергенде өте маңызды. Қыс­қы маусымға лайықты дайындық­ты қамтамасыз етіп, ауыл шаруа­шы­лығы жылын табысты аяқтап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қарастыру қажет, – деді Нұрсұлтан На­зарбаев.

С.Ахметов 9 ай ішінде 5,7 пайызды құраған ішкі жалпы өнімнің өсімі туралы хабардар етті.

– Инфляция биылғы жылы болжамды күйінде тұр. Ішкі жалпы өнімнің өсімі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 6 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Астық жинау науқанының аяқ­талуына қатысты айтсақ, жауын-шашынға байланысты Ақмола облысында ғана жиын-терін жұ­мысы аздап тоқтап қалды. Жалпы, бүгінде бункерлік салмағы 18,5 миллион тонна астық жинап алынды. Аптаның соңына дейін өңірлер жиын-терінді аяқтайды. Нәтижесінде биыл бункерлік салмағы 20 миллион тонна шамасында астық жиналып алынатын болады, – деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Кездесу қорытындысында Мем­лекет басшысы қаралған мәсе­лелер бойынша бірқатар тапсыр­ма берді.

Соңғы жаңалықтар