Елбасы • 21 Маусым, 2020

Елбасының атына Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түсті

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады, - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасының атына Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түсті

"Өмірлік энергияңыз бен ерік-жігеріңіздің арқасында Сіз бұл дертті қысқа мерзімде еңсересіз деп сенемін.

Сізді барынша қолдауға және қажет болған жағдайда көмектесуге дайынмын.

Шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла Тағала Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр берсін", - делінген жеделхатта.