09 Қазан, 2013

Байқоңыр экологиясы Қазақстан кодексіне бағынуы керек

593 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұрнағы күні Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында есеп берді. Бұл кездесу депутаттар тарапынан үлкен қозғалыс туғызып, ведомство басшысына сұрақ бергісі келетіндердің қатарын көбейтіп жіберді. Бірақ уақыттың тығыздығына байланысты осы қатардағы қырыққа жуық тілек білдірушілердің жартысы ғана сауалдарын қойып үлгерді.

f bayk2

 

Бұрнағы күні Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында есеп берді. Бұл кездесу депутаттар тарапынан үлкен қозғалыс туғызып, ведомство басшысына сұрақ бергісі келетіндердің қатарын көбейтіп жіберді. Бірақ уақыттың тығыздығына байланысты осы қатардағы қырыққа жуық тілек білдірушілердің жартысы ғана сауалдарын қойып үлгерді.

Депутат Рауан Шаекин өзіне кезек келгенде, тағы да «Байқоңыр» мен «Протон» мәселесін көтерді. «Мысалы, 1999 жылдары Қарағанды облысына екі мәрте зымыран ұшырғыш құлағанда Ресей 10 миллион доллар өтемақы төлеген. Себебі, ол кезде, топырақ, ауа, су арнайы тексерістен өтетін. Біз сіздерге айттық, жыл сайын скринингтік, биологиялық тестілер өткізу керек деп. Осы шаралар орындалған болса, біз Ресейге залал мөлшерін ойланбас­тан айтушы едік», – деді ол.

Ақиқатында еліміздің Қорша­ған ортаны қорғау министрлігі бұ­дан бұрын бірнеше рет «Рос­кос­мос» өкілдерімен кездесіп, зы­мырандардың ұшырылуын азайтуды, экологиялық қауіпті гептилді қолданбауды сұраған болатын. Алайда, әзірге одан еш қайран болмай тұр.

Бұған министр былай деп жауап берді:

– Біздің қызметтеріміздің Байқоңыр аумағында тексерістер жүргізуге еш құзыреті жоқ. Жалдамалы жер ол. «Протон» мәселесі бойынша біз Ресейге бірнеше талап қойғанбыз. Оның ішінде зымырандардың ұшырылуын азайтуды, эколо­гиялық қауіпті гептилді қол­дан­бауды сұрағанбыз. Енді қазақ­стандық тарап Байқоңыр аумағында біздің Экологиялық кодекстің күшін енгізу туралы келіссөздер жүргізуде. Ресейлік әріптестеріміз өтінішті құптайды деген үміттеміз.

Бұл принципті мәселе депутаттар тарапынан үлкен қолдау алды. Бұдан әрі Нұрлан Қаппаров еліміз суды пайдаланудың тиiмдiлiгін арттыру бойынша жедел шаралар қабылдамайтын болса, су тапшылығына санаулы уақытта тап болатындығымызды қадап айтты. Осы орайда, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ертіс пен Есіл өзендері арнасын қосатын су каналы құрылысын іске асыруды жоспарлап отырғандықтарын мәлім етті. «100 миллиард теңгелік жоба жылына 1 миллиард текше метр сумен қамтамасыз етеді», – деді Н.Қаппаров.

«Нәтижесінде Астана аумағында 3 көл, сыртында 1 көл яғни бірнеше су қоймалары пайда болады деп жоспарлануда. Олардың әрқайсысында болжаммен 2 миллиард текше метр су болады. Бұл 30-дан астам елді мекенді ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді», – деді Нұрлан Қаппаров.

Ауызсумен қамтамасыз етуге арналған бұл жобаны депутаттар құптады. Ендігі ретте қаржыландыру мәселесін шешу қажет.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар