Спорт • 21 Маусым, 2020

Футбол: "Шахтер" қатарынан төртінші рет топ жарды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Украина біріншілігінің жеңімпазы анықталды. Қатарынан төртінші рет бұл атақ Донецкінің "Шахтер" клубына бұйырып отыр.

Футбол: "Шахтер" қатарынан төртінші рет топ жарды

27 турда аса шиеленісті өткен бәсекеде "Шахтер" "Александрияны" 3:2 есебімен ұтты. Осы жеңістің арқасында көміршілер 71 ұпайды қоржынға салды. Екінші орында келе жатқан Киевтің "Динамосының" әзірге 52 ұпайы бар. Енді барлық кездесуді өз пайдаларына шешсе де, олардың "Шахтерды" қуып жете алмайтыны анық.

Осылайша, "Шахтер" өз тарихында 13 рет ел чемпионы атанып отыр. Бұл жолы күміс медальді қанағат тұтқан "Динамо" күні бүгінге дейін 15 рет бас жүлдені олжалаған болатын. Украина біріншілігінде айтулы қос команда алма-кезек чемпиондық атақты иеленуде. Алтын медаль тек бір рет қана өзге ұжымға бұйырды. Атап айтсақ, 1992 жылы Симферопольдің "Тавриясы" өз елінің ішкі доп додасында топ жарған болатын.