Цифрлы білім беру ресурстары әзірленуде
Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы республика мұғалімдерімен бірлесіп 2020-2021 оқу жылының тоқсандық оқу бағдарламаларына сәйкес бейнесабақтар жазып, цифрлы білім беру ресурстарын әзірлеуге кірісті. Әр тоқсанның оқу бағдарламасы бойынша 1-11-сыныптарға арналған пән сабақтарын мектеп мұғалімдерімен бірлесіп дайындайды.
Қашанда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, ұстаз біліктілігін шыңдауды мерейлі парызы санайтын «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» осынау ауқымды жоба аясында шығармашылық топ құрып, пән мұғалімдерімен бірлесіп еңбек етуде.
Атап айтсақ, Алматы қаласындағы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары мен тренерлерінен құрылған арнайы шығармашылық топ мектептің пән мұғалімдерімен бірлесіп «Химия» және «Ағылшын тілі» пәндерінен I- IV тоқсанның оқу бағдарламасына сәйкес бейнесабақтарды дайындайды.
Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" республика мұғалімдерімен бірлесіп, 2020-2021 оқу жылының тоқсандық оқу бағдарламаларына сәйкес бейнсабақтар жазып, цифрлы білім беру ресурстарын әзірлеуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:30
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Есірткі • Бүгін, 17:15