"Кеше 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. 144 талапкер ҰБТ-ға келмеген. 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсырады. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар ережелерді ұстану міндеттемелерімен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды", - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылып, осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және ережелерді бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.