Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды

21 маусым күні “Қарасора-2020” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласы Бірқазан елді-мекен тұрғыны, 59 жастағы ер адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені анықталды.

Аталған дерек бойынша 300-бабының 2-бөлігімен (өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

 “Қарасора-2020″жедел профилактикалық іс-шарасының 20 күнінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталса, оның 27 дерегі есірткі егіп-баптау және екі ірі мөлшерде есірткі сақтау деректері", деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.