Спорт • 22 Маусым, 2020

Серхио Рамос ең мерген қорғаушы атанды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания чемпионатының 28 турында "Эйбардың" қақпасына гол соққан "Реалдың" ойыншысы Серхио Рамос Ла Лига тарихындағы ең мерген қорғаушылар сайысында даңқты Рональд Куманды қуып жеткені жайында біз бұған дейін жазғанбыз, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Серхио Рамос ең мерген қорғаушы атанды

29 турда корольдік клуб сырт алаңда "Реал Сосьедадқа" қарсы ойнады. Бәсеке барысында алаң иелері қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Нүктеге келген Серхио Рамос мүлт кеткен жоқ. Сөйтіп, ол Ла Лигадағы 68 голын соғып, әйгілі Нидерланд футболшысы Рональд Куманды басып озды. Бүгінгі таңда қорғаушылар арасындағы ең үздік көрсеткіш дәл осы футболшыға тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, 1989-1995 жылдар аралығында "Барселонаның" намысын қорғаған Рональд Куман 67 голының 46-сын 11 метрлік нүктеден соққан. Ал Серхио Рамос 68 голдың 13-ін ғана қақпаға сол нүктеден енгізді.