Қоғам • 22 Маусым, 2020

ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры қайтыс болды

855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры, ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Көпжаcар Нәрібаев көз жұмды. Бұл туралы профессор Дүкен Мәсімханұлы Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлады Egemen.kz.

ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры қайтыс болды

"82 жасқа қараған шағында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, саналы ғұмырын қазақ елінің ғылым-білім саласын ұйымдастыру мен басқару ісіне арнаған ұстаз, ғалым Көпжаcар Нәрібайұлы бүгін бұл пәниге қош айтып, бақилық мекеніне аттанып кетіпті", - деп жазды Дүкен Мәсімханұлы.

Көпжасар Нәрібаев - қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалым Көпжасар Нәрібаев 1938 жылы 3 маусым күні Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында дүниеге келген.

1960 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің (қазіргі ҚазҰУ) экономика факультетін бітірген. Ол Қазақ КСР жоғары және арнайы орта білім министрінің орынбасары. Ал 1983жылы ҚР жоғары және арнайы орта білім министрі қызметін атқарды. 1994 жылы ғалым ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланады. Нәрібаев 1991-2001 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің ректоры болды. 2002-2006 жж. академик К.Н.Нәрібаев Алматы технологиялық университетінің проректорлық қызметін атқарды. 2006 жылдың ортасынан К.Н.Нәрібаев қызметін Білім және ғылым министрлігінің экономика Институтына ауыстырады. 2008 жылы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы республикалық білімді дамыту Кеңесінің мүшесі және төраға орынбасары қызметін атқарды.

Көпжасар Нәрібаев - экономиканы басқару саласын жоғарғы оқу орындарында ұйымдастыру жөніндегі белді ғалым.