09 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №677

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

2013 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесінде:

13-тармақтың 2) тармақшасындағы «кеткен кезде шартты түрде алып тасталады.» деген сөздер «кеткен кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін шартты түрде алынып тасталады.»;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейін тіркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылган ЖСН бар құжат беріледі.»;

21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтер:»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа адамға беруге болмайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар