09 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №690

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 5 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 5 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 305-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесі»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сумен жабдықтау жүйелері саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және су мен тұтынушылардың қаражатын үнемдеу мақсатында сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау тәртібін белгілейді.»;

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау тәртібі»;

Көрсетілетін Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесіне қосымша».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар