09 Қазан, 2013

Ресей миллиардері Абрамович Нью-Йорктен үй сатып алды

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

06-10-13-roman abramovich-1

Ресей миллиардері Роман Абрамович Нью-Йорктегі Орталық саябақ көрініп тұратын жердегі алты қабатты кең особняктың үлкен бөлігін сатып алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тардың жазуларына қарағанда, Абрамович пен оның некесіз жұбайы Дарья Жукова соңғы кездері Нью-Йорктен өздеріне қолайлы тұрғынжайды жасырын іздестіріпті. Қазіргі уақытта Абрамовичтің бөлініп саудаға шығарылған бес пәтердің үшеуін 75 млн. долларға сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойғаны белгілі болып отыр. Бұдан басқа, бизнесмен қалған екі пәтерді де алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Ол осылайша бес пәтердің басын біріктірмекші.

Жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайтын үй әдетте америкалық байлар үй салып алатын Манхэттеннің Жоғарғы Ист-сайд деп аталатын беделді ауданында орналасқан. Ғимаратты XIX ғасырдың аяғында көмір магнаты Эдвард Бервинд тұрғызыпты. Бастапқыда особняк пәтерлері әртүрлі қожайынға бөлінетіндей жеке-жеке болмаған, тұтас бір ансамбль ретінде бой көтерген.

Егер Абрамовичтің мұндағы үй саудасы осы үш пәтермен тоқтар болса, олардың пұлы Нью-Йорктегі әлдебір заманнан бері кооперативті ғимараттарды сатып алу жөніндегі бағалардың ішіндегі ең жоғарысы болғалы тұр. Мұның алдындағы рекордты дәл осындай Орталық саябақ көрініп тұратын аудандағы особнякты 54 млн. долларға сатып алған америкалық бизнесмен Дэвид Геффен жасаған екен.

Сараптамашылардың бағалаулары бойынша, егер Абрамовичке қалған екі пәтерді де келісімі келістіріліп қойылған үшеумен біріктірудің орайы келіп жатса, ресейлік миллиардер Нью-Йорктегі жалпы құны 100 млн. доллардан айтарлықтай асып түсетін ең қымбат особняктың егесі болып шыға келеді екен.

2013 жылдың шілдесінде Роман Абрамович Чукотия автономиялық округі думасының төрағасы орынтағынан кетіп, депутаттық мандатын тапсырды.

Тамыз айында өзінің «Ұлттық футбол академиясы» деп аталатын қорының да жұмыс жасауын тоқтатқанын хабарлады. Бұл қор Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы орынтағында отырған кезінде Гус Хиддинктің контрактісіне (7 млн. доллар – ИТАР-ТАСС ескертпесі) демеушілік көрсету үшін құрылған болатын. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, өзінің жұмыс істеп тұрған уақыты аралығында қор 200 млн. долларға жуық қаржы жұмсап үлгерген екен.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар