Үкімет • 23 Маусым, 2020

Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды

8 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындық барысы қаралды, - деп хабарлады primeminister.kz.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов баяндады.

2019-2020 жж. жылыту кезеңі штаттық режимде өтті. 24 технологиялық бұзушылық тіркелді, бұл өткен маусымнан 33 жағдайға аз. Барлық технологиялық бұзушылық нормативтік мерзімде жойылды. Жылу желілерінің температуралық кестесін сақтамаған 48 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға аз.

Алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындық аясында елімізде 8 энергетикалық блокты, 59 қазандық пен 44 турбинаны жөндеу, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін нарықта көмірдің болуын қамтамасыз ету көзделген.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық шараларын күшейтуді, барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық нысанының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

"Тұрғындарды көмірдің қажетті көлемімен, ЖЭО мен қазандықтарды отынмен алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алып, отынның, әсіресе, тұрғындар үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдау керек", — деді А. Мамин.

Әкімдіктерге биылғы 1 наурызға дейін жиналған коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегін төмендету бойынша шаралар қабылдау, дербес жылыту жүйелерін тұрғын үй және қоғамдық үй-жайлардан тыс жерлерге шығаруды қамтамасыз ету, иесіз электр желілерін анықтау және балансқа қабылдауды жалғастыру, сондай-ақ коммуналдық желілерді энергия беруші ұйымдардың теңгеріміне беруді қолға алу тапсырылды.

Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне алдағы жылыту маусымына дайындық барысына пәрменді бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

 
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың Қыз Жібегі

Руханият • Кеше

Азаттық архитекторы

Елбасы • Кеше

Ақ боранның азаптары

Аймақтар • Кеше

Адам өмірі үшін арпалыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар