
Рейтингті жасау барысында күш, қуат, шыдамдылық, жылдамдық, ептілік, икемділік, тұрақтылық, жүйкенің мықтылығы, қол мен көздің үйлесуі және аналитикалық қабілеттер секілді компоненттер ескерілді. Осының барлығын сараптай келе ең күрделі "ТОП-10" спорт түрлері қатарына мыналар енді: бокс, хоккей, америкалық футбол, баскетбол, күрес, жауынгерлік жекпе-жек, теннис, гимнастика, бейсбол және футбол.