Жаңа редакцияда ҚР Қорғаныс министрлігінің меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардағы Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық нысаны анықталды. Бұйрық "Құқықтық актілер туралы" ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес келтірілді.
Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкелмейді, тауарлар, қызметтер саудасына немесе зияткерлік меншік құқығына қатысты емес және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Толық мәтінмен "Электрондық үкімет" порталындағы "Ашық НҚА" бөлімінде танысуға болады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.